Педагогикалық шеберлік орталығында мыңға жуық мұғалім біліктілігін арттырады

АСТАНА. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Педагогикалық шеберлік орталығының барлық филиалдары мен бірқатар педагогикалық жоғары оқу орындарының базасында жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері үшін үшінші деңгейлі біліктілік арттыру курстары басталады,
None
None

деп хабарлады Pm.kz сайтына берген арнайы сұхбатында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова.

«Биыл Педагогикалық шеберлік орталығының базасында мыңға жуық мұғалім біліктілігін арттыру курстарынан өтеді. Ұлттық біліктілік арттыру орталығының базасынан 4 мыңнан астам адам оқудан өтпек», - деді К. Шәмшидинова.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымының айтуынша, қазіргі таңда екінші және бірінші санаттағы педагогтар үшін даярлау бағдарламалары әзірленіп жатыр. Педагогтардың біліктілігін арттырумен айналысатын жаттықтырушылар үшін де даярлық қоса жүруде.

Соңғы жаңалықтар