Педагогтардың тамыз кеңесі: Жаңа 20 мектеп автобусының кілті тапсырылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында аудандық білім бөлімдеріне жаңа 20 мектеп автобусының кілті тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Педагогтардың тамыз кеңесі: Жаңа 20 мектеп автобусының кілті тапсырылды

Бүгін Көкшетауда жылдағы дәстүр бойынша Ақмола облысының білім саласы қызметкерлерінің тамыз кеңесі өтті. «Көкшетау» мәдениет сарайында ұйымдастырылған шараға аймақ басшысы Мәлік Мырзалин, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілі, заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Нұрсейіт Байжанов қатысты.

«Жылдар бойы дәстүрге айналған тамыз кеңесі өткен оқу жылына терең талдау жасауымызға, өзекті мәселелерді анықтауға, жаңа оқу жылына жаңа міндеттер қоюға мүмкіндіктер береді», - деді М.Мырзалин.
null 

Шара барысында аймақ басшысы жаңа 20 мектеп автобусының кілтін облысымыздың әр өңірінен келген білім бөлімі басшыларына салтанатты түрде табыс етті. Бұл мақсатта облыс бюджетінен 286 миллион теңге қаржы бөлінген.

Оған қоса, білім беру саласында жақсы жетістіктерге қол жеткізген мұғалімдер мен оқу орындарының басшылары, балабақша тәрбиешілері облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталып, бірқатар ұстаздарға Ы.Алтынсарин және «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгілері табыс етілді.

Сонымен қатар, облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Білім саласының үздік ұйымы» атты облыстық байқауының жеңімпазы атанған Жақсы ауданының Қабдеш Өскенбаев атындағы Қима орта мектебінің ұжымы 22 627 200 теңгенің ақшалай арнайы сертификатына ие болды.

null null null

null