Пеле 2014 жылғы Әлем чемпионаты жеребесіне қатысудан бас тартты

АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бразилия құрамасының бұрынғы футболисі Пеле 2014 жылы Бразилияда өтетін Әлем чемпионатына жеребе салуға қатысудан бас тартты.

Пеле 2014 жылғы Әлем чемпионаты жеребесіне қатысудан бас тартты

«Бразилия президенті маған елімізді жеребе салуда таныстыруды сұрады. Бұрындары мен мұнымен айналыстым, бірақ қазір бас тартуға тура келіп тұр. Мен Бразилияны күрделі топқа жіберетін адамға айналғым келмейді», - дейді аты аңызға айналған спортшы.

Пеле 6 желтоқсан күні Мата-ди-Сан-Жуан қаласында өтетін салтанатты шараға бәрібір қатысанын айтты, деп жазады "Газета.Ru".