Пеле: ФИФА-ға сенім артарлық адамдар керек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдік футболда аты аңызға айналған бразилиялық Пеле ФИФА-дағы жемқорлық дауына қатысты өз пікірін айтты. Пеле ұйымға сенім артуға тұрарлық адамдар қажет екенін жеткізді, деп жазады «ВВС» агенттігі.
None
None

Би-би-си агенттігіне берген сұхбатында Пеле ФИФА-да болған жағдай барша футболшылар мен футбол жанкүйерлеріне қатысты екенін де атап өтті.

Еске сала кетейік, өткен аптада АҚШ-тың Әділет министрлігі пара алды деген айыппен ФИФА-ның 14 жоғары өкілетті шенеунігіне қатысты тергеу жүргізуді бастаған.

Соңғы жаңалықтар