Пеленің «шешесі» жастарды таңғалдырды - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мынау ұзын қара юбка мен қара жакет киген егде әйел қаншалықты салмақты көрінгенімен, қылығымен көптеген жастарды таңғалдырып, еріксіз жымиюларына себепкер болды.

Пеленің «шешесі» жастарды таңғалдырды - ВИДЕО

Зейнеткер әйел Рим көшелерінің бірімен кетіп бара жатқанда жасөспірімдер ойнап жүрген доп домалап барып, оның аяғының астына келді. Бәлкім басқа егде адамдар допқа назар аудармай өте шығар ма еді, әлде допты балаларға бере салар ма еді? Ал бұл кісі олай істеген жоқ. Ол допты теуіп, өзінің футбол шебері екенін көрсетті. Day.Az агенттігінің хабарлауынша, кемпір допты қақпақылдап, ары теуіп, бері теуіп, балаларды таң-тамаша қалдырған. Біраз ойнаған соң допты иелеріне қайтарып берген.