Пеленің жағдайы күрт нашарлап, ауруханаға жатқызылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилия құрамасымен бірге әлемнің үш дүркін чемпионы атанған Пеленің жағдайы күрт нашарлап, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Футбол журналистері қауымдастығына (FWA) сілтеме жасап.
None
None

Бейсенбі күні талып қалған 77 жастағы Пеле Бразилия ауруханаларының біріне жатқызылып, одан бірқатар тест алынды. Қазір Футбол королінің ахуалы тұрақты, дәрігерлер оның жағдайын жіті бақылап отыр.

FWA атқарушы хатшысы Пол Маккартидің айтуынша, алдағы сенбі күні Лондонда Пеленің қатысуымен өтуі тиіс шараға бара алмауы мүмкін.

Пеле - тарихта үш дүркін әлем чемпионы атанған жалғыз футболшы. ФИФА ХХ ғасырдың үздік футболшысы деп мойындап, Халықаралық Олимпиадалық Комитет ғасыр спортшысы атағын берген.

Соңғы жаңалықтар