09:00, 01 Маусым 2010 | GMT +5
Пенитенциарлық жүйе мекемелерінде Балаларды қорғау күніне арналған шаралар өтуде
АСТАНА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Республикамыздың пенитенциарлық жүйе мекемелерінде Балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өтуде,
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлады Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен.
Атап айтқанда Алматы, Ақтөбе, Өскемен және Петропавл қалаларындағы балалар колонияларында жергілікті билік органдарының, ата-аналар комитеті мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен қалыптасқан дәстүр бойынша Ашық есік күні өтеді. Кәмелетке толмағандардың туыстары мен жақындары бүгін өз балаларымен кездесіп қана қоймай, колонияның жағдайымен таныса алады. Сондай-ақ, мекеме әкімшіліктері жеке мәселелер бойынша қабылдаулар өткізіп, келушілерге құқықтық көмектер көрсетеді.
Бұл күні колонияларда спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шаралар жоспарлануда.