Пенитенциарлық жүйенің барлық тергеу абақтыларында дауыс беру өтті

АСТАНА. 3 сәуір. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Республиканың 19 тергеу абақтысында ашылған барлық сайлау учаскелерінде түске таман толық дауыс беріліп болды,

Пенитенциарлық жүйенің барлық  тергеу абақтыларында    дауыс  беру  өтті

деп хабарлады пенитенциарлық жүйенің баспасөз қызметінен.

Абақтыларда отырған және дауыс беру құқығына ие күдіктілер мен тергеудегі азаматтар бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысты.

Жалпы алғанда дауыс беру үдерісі белсенді және ұйымдасқан түрде өтті. Бірқатар өңірдегі абақтылардың сайлау учаскелерінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері болып қайтты.