Пенитенциарлық жүйенің оңтүстіктегі бөлімшелері бірінің басшысы парамен ұсталды

АСТАНА. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Пенитенциарлық жүйенің оңтүстіктегі бөлімшелері бірінің басшысы пара алу үстінде ұсталды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қылмыстық-атқару жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықпен күресу күшіне енген сияқты. Жүйелі және мақсатты жүргізіліп отырған жұмыстар осыны айқын көрсетіп отыр. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу жөніндегі бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру аясында Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері қылмыстық-атқару жүйесінің ішкі қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, пенитенциарлық жүйенің оңтүстіктегі бөлімшелері бірінің басшысын пара алу үстінде ұстады. Тергеу мүддесі мен былайғы іс-шараларды жүзеге асыру үшін оқиғаның нақты қай облыста болғаны жария етілмейді, деп атап көрсетті комитеттегілер. Тек, осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатқанын қуаттады.
Соңғы жаңалықтар