Пенитенциярлық жүйеде сотталушыларды жаңа кәсіптерге оқыту жүргізілуде

АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жүзеге асыру аясында пенитенциярлық жүйеде сотталушыларды жаңа кәсіптерге бейімдеу,
None
None

сондай-ақ қосымша жұмыс орындарын ашу жүргізілуде. Бұл туралы Қылмыстық атқару жүйе комитетіндегі сотталушылардың еңбек бөлімі хабарлады.

Бөлім бастығы Бақытжан Базарбаевтың айтуынша, қазіргі таңда республикамыздың 49 түзету мекемелерінде 32 мамандық бойынша тегін кәсіби білім беру ұйымдастырылған, сол арқылы жазасын өтеушілер тек қылмыстық атқару жүйесі кәсіпорындарында ғана емес, еркіндікке шыққан соң да жұмыс істей алады.

Еңбек нарығына жүргізілген сараптама мен зерттеу қорытындысы бойынша қазіргі тізім сегіз мамандыққа кеңейтілген.

«Халықты жұмыспен қамту мәселесіне тоқталатын болсақ, қазіргі таңда жазасын өтеушілер үшін де қосымша жұмыс орындары ашылуда», - деп атап өтті Б.Базарбаев.

Соңғы жаңалықтар