Пентагон басшысы Ллойд Остин қатерлі дертке шалдықты
Республикашылар импичмент жариялауды талап етіп отырған АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остиннен қуықасты безі қатерлі ісігі анықтылды. Kazinform бұл туралы NBC News-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Пентагонның баспасөз хатшысы генерал-майор Пэт Райдер 70 жастағы Ллойд Остин 22 желтоқсанда жасалған хирургиялық отадан кейін дерті асқынып Уолтер Ридтің Ұлттық әскери медициналық орталығына 1 қаңтарда жатқызылғанын хабарлады.
Бастапқы тексеруде Ллойд Остиннің зәр шығару жолдарында инфекция бар екені анықталды және 2 қаңтарда оны мұқият бақылау және дұрыс күтім жасау үшін қарқынды терапия бөліміне ауыстыру туралы шешім қабылданды.
Өткен айда одан простата скринингі кезінде әдеттегі зертханалық талдау алынып қуықасты обыры диагнозы қойылды.
Ресми тұлғалар сейсенбі күні Ллойд Остиннің инфекциясы жойылғанын және ол жазылып келе жатқанын айтты, бірақ қалпына келу үшін уақыт қажет. Әскери бөлім өкілдерінің айтуынша, Ллойд Остин бүкіл әлемнің Қорғаныс министрліктерінің жұмысын қадағалап отыру жұмысын жалғастырып жатыр және өз міндетін белсенді атқарып жүр.
Ллойд Остиннің ауруханаға жатқызылғаны туралы ақпаратты Ақ үй мен Қорғаныс министрлігінің негізгі тұлғаларына хабарлау үшін Қорғаныс министрлігіне үш күн қажет болған. Әкімшіліктің жоғары шенді мүшелерін ұзақ уақыт хабардар етпегенін Қарулы күштер басшысы сынға алды. Өкілдер палатасының республикашысы Мэтт Розендейл тіпті Ллойд Остинге қарсы импичмент мәселесін бастауға ниетті.
Пентагон заңгерлері АҚШ пен Конгресс басшыларына ескертілмеуі қандай да бір заң бұзушылыққа жата ма, жоқ па –тексереді.
Палатаның Қарулы Күштер комитетінің төрағасы Майк Роджерс (Алабама штаты) сейсенбіде Ллойд Остиннің ауруханаға жатқызылғаны ашық айтылмағанына қатысты ресми тергеу жариялады.
Қуықасты безінің қатерлі ісігі америкалық ерлер арасында ең көп тараған ісік түрі, оған әрбір 8 ер адамның 1-еуі және әрбір 6 афроамерикалықтың да 1-еуі шалдығады.