Пентагон басшысы тағы да ауруханаға жатқызылды
ВАШИНГТОН. KAZINFORM – АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин қайтадан ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Пентагонның баспасөз хатшысы Патрик Райдер хабарлады.
Остин кеше, 11 ақпанда түстен кейін Уолтер Рид ұлттық әскери медициналық орталығына жеткізілді. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары мен Біріккен штабтар бастықтарының төрағасы хабарлады.
– Пентагон басшысы госпитализация кезінде өз міндеттерін орынбасары Кэтлин Хикске тапсырды, – деп қосты Райдер.
13 ақпанда АҚШ қорғаныс министрі Украина қорғаныс байланысы тобының келесі конференциясын (Рамштейн форматы деп те аталады) өткізу үшін Брюссельге ұшып кетуі керек еді. Одан кейін Остин НАТО қорғаныс министрлерінің отырысына қатысуы керек болған.
Оның ауруханаға жатқызылуы бұл жоспарларға қалай әсер ететіні әлі белгісіз.