Пентагон басшысы Р. Гейтс наурызда Ресейге бармақшы
АСТАНА. 23 ақпан. ҚазАқпарат - Ресей мен АҚШ-тың әскерилері бір-бірімен тек өздерінің ғана тыныштығын емес, басқа да халықтардың бейбіт өмірінің бұзылмауы жөнінде мәселелерді жиі талқылайтын болды.
Бүгін Отан қорғаушылар күні Вашингтондағы Ресей елшілігінің Алтын шеру залында жиналған қонақтардың алдында елші Сергей Кисляк Ресей мен Американың бұл тақырыптағы әскери диалогтері - бір-бірін түсінетін терең достық жағдайында екі елдің тұтас мүддесімен үндес өрілетіндігін жеткізді, деп хабарлады РБК.
Әскери-саяси диалогтің осындай бір кезегі өткен аптада жалғасқандығын еске сала кетті. Вашингтонда құрамында ынтымақтастық жөніндегі екіжақты президенттік комиссиясы бар ғаламдық және аймақтық қауіпсіздік шағын тобының алғашқы отырысы өтті. Тараптар делегациясын АҚШ қорғаныс министрінің көмекшісі Александр Вершбоу мен РФ Қорғаныс министрлігі халықаралық әскери ынтымақтастық бас басқармасының бастығы Елена Князева басқарды.
Осы жылдың наурыз айында Пентагон басшысы Роберт Гейтс Ресейге барады деп жоспарланып отыр.