Пентагон Иранға соққы берудің мүмкіндігін қарастыруда

ВАШИНГТОН.  Шілденің  8-і. ҚазАқпарат - Тегранның  ядролық  бағдарламасын   тоқтату  аясында  Иранға әскери соққы  беру     -  мәселені    шешудің  бір  жолы  болып  табылады,  бірақ  олай етуге  болмайды,  деп мәлім етті  Пентагонның  жоғары  лауазымды  шенеунігі,    АҚШ   Штабтар  басшылары бірлескен  комитетінің  төрағасы   Майк  Маллен. 
None
None

  Маллен, Иранға қарсы әскери операция  жасау  мүмкіндігі  әлі   де  болса  қарастырылып жатқанын    қуаттады,  бірақ  шабуыл   жасалған жағдайда,  Ислам Республикасы   тарапынан    орын  алуы  ықтимал  іс-әрекеттерге  алаңдаушылық    білдірді. Иранның    арсеналында  алдағы 2-3 жылда    ядролық қару-жарақтың  пайда  болу   мүмкіндігі  туралы  пікір білдірген   АҚШ   Штабтар  басшылары бірлескен  комитеті  төрағасының  айтуынша,     соғысты  бастау   Таяу Шығыстағы  тұрақтылыққа    қатер төндіруі  мүмкін,  деп хабарлайды  ҚазАқпарат  «РИА «Новости»  агенттігіне  сілтеме  жасап.

АҚШ  вице-премьері  Джон  Байден    жексенбі күні   американдық  «АВС»  арнасындағы   сараптамалық бағдарламада  берген  сұхбатында,  Израильдің    Иранға  соққы  беру  туралы «дербес шешім»    қабылдай алу  құқығы  туралы    айтып өткен болатын.    Ресей  Сыртқы  істер министрлігінің  ресми  өкілі   Андрей Нестеренко,      АҚШ вице-премьерінің   мұндай  мәлімдемесіне  Ресейдің сыртқы саясат  ведомствосының  таңғалып  отырғанын мәлім ете келіп,       халықаралық құқық тұрғысынан Байденнің  мәлімдемесі     БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Иранға  қатысты    барлық   шешімдеріне  қайшы келетінін   атап  көрсетті.

Соңғы жаңалықтар