Пентагон Қырғызстанның Америка әскери базасын жаппайтынына үміт артуда

ВАШИНГТОН. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат – Пентагон Қырғыз Президенті Құрманбек Бакиевтің мәлімдемесіне қарамастан, қырғыздың Манас әуежайындағы әскери базасын пайдалануды жалғастыруға үмітті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. АҚШ-тың Ауғанстандағы қолбасшылығының өкілі полковник Грег Джулиан, базаның жұмысында ешқандай өзгеріс жоқ екенін атап көрсеткен. «Біздің қолымызда Қырғыз Республикасының Үкіметімен жасалған келісімшарт бар, олар базаның орналасқаны үшін миллиондаған ақша алып отыр», деп атап көрсеткен Г.Джулиан, Бішкектің американ әскери базасын жабуды жоспарлап отырмағанына сенім білдірді. Американдық әскери қырғыз Президентінің мәлімдемесін «саяси маневр» деп атап көрсетті. Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстан Үкіметі Манас әуежайында орналасқан Америка әскери базасының республикада қалу мерзімін қысқарту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ел президенті Құрманбек Бакиев кеше Мәскеуде Ресей Президенті Дмитрий Медведевпен болған келіссөздің қорытындысы бойынша мәлім етті. Манастағы әуежай маңындағы АҚШ әскери базасы Ауғанстандағы коалициялық күштердің қызметін қамтамасыз ету үшін 2001 жылы ашылған болатын.
Соңғы жаңалықтар