Пентагон Қытай үкіметін кибертыңшылық жүргізді деп айыптады

«2012 жылы көптеген компьютерлік жүйелер, оның ішінде АҚШ үкіметі қарамағындағы желілер шабуылға ұшырады. Олардың кейбіріне Қытайдың үкіметі мен әскерилерінің тікелей қатысы бар»,-делінген Пентагонның жыл сайынғы баяндамасында.
Тыңшылық шабуылдар АҚШ-тың экономика, қорғаныс және дипломатиядағы мәліметтерін иеленуге бағытталған көрінеді. Бұл өз кезегінде қытайлық әскерилер тарапынан жеке қорғаныстарын күшейтуге пайдалануға мүмкін болар еді.
Бұдан бұрын хакерлік шабуылдарға қытайлық әскерилердің қатысы жөнінде киберқауіпсіздік саласындағы зерттеумен айналысатын америкалық Mandiant компаниясы мәлімдеген болатын. Қытай осы тектес айыптауларды әрқашан да жоққа шығарып, керісінше, өздері хакерлік шабуылдардың құрбаны екенін атап өтуде.
Пентагон баяндамасында Қытайдың қорғаныс пен қарулы күштерді жаңғырту бағдарламасында шығыстардың ашықтығы жоқ екеніне назар аударылып отыр.