Пентагон «лазерлік зеңбіректі» сынақтан өткізді

АСТАНА.  Тамыздың  21-і.  ҚазАқпарат -  Пентагон   зымыранға  қарсы қорғаныс  үшін    қолдануды  жоспарлап  отырған  «лазерлік зеңбірегін»   ұшу  сынағынан өткізді, 

Пентагон   «лазерлік   зеңбіректі»   сынақтан   өткізді

деп   хабарлайды    ИТАР-ТАСС агенттігі.

Әуе қорғанысы  жөніндегі агенттіктің  бейсенбі күні  таратқан    хабарламасында  айтылғандай,  "Боинг-747-400"  ұшағының  бортына  орнатылған  мегаваттық  кластағы    жоғары  энергетикалық     химиялық  лазерлік  зеңбірек   баллистикалық  зымырандарды  жоюға арналған.

Сынақ   лазерь  сәулесінің   ұшу жағдайындағы энергиясын    өлшеу  мақсатында  өткізілді.   «Боинг» ұшақтарына  орнатылған   лазерлер    баллистикалық  зымырандарды   460 шақырымға дейінгі   қашықтықта  жоя алады деп  пайымдалуда.