07:54, 11 Ақпан 2009 | GMT +5
Пентагон «Манаста» қалуға үмітті
ВАШИНГТОН. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат – Пентагон Қырғызстандағы «Манас» әуебазасын әрі қарай пайдаланудың «мүмкіндігін жоққа шығармайды».

Бұл туралы АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтс мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап. Пентагон басшысының айтуынша, американ әскерилерінің қырғыз әуебазасын әрі қарай пайдалану мүмкіндігіне қатысты қырғыз өкіметімен арадағы келіссөз әлі аяқталмаған. Дегенмен Р.Гейтс, «АҚШ ол базада қалу үшін кез-келген бағаны төлеуге дайын емес» дей келе, «Манас» ауыстыруға болмайтын база емес. Біз басқа да балама нұсқаларды қарастырып жатырмыз», деп мәлім етті.