Пентагон: Орталық Азия Ресей және Қытайға тең дәрежедегі күштерді iздеуде

АСТАНА. 14 сәуір. ҚазАқпарат - Пентагонның пікірі бойынша, Орталық Азия Ресей және Қытайға тең дәрежедегі күштерді iздеуде. Бұл туралы америкалық Eurasianet порталы хабарлайды.

Пентагон: Орталық Азия Ресей және Қытайға тең дәрежедегі күштерді iздеуде

Оның дерегіне қарағанда, АҚШ-тың бұрынғы қорғаныс министрі Дональд Рамсфельд осы лауазымға келген кезде «Құпия» белгісі қойылған, қоғамдық бірқатар құжаттарды ұсынған. Дегенмен, ол бәрін бірдей жариялаған жоқ, бірақ Gawker сайты «Рамсфельд көргісі келмеген» мәліметтерді орналастырды. Олардың ішінде АҚШ үшін үлкен мәнге ие әлем елдері сипатталатын құжаттар бар. Тiзiмге Орталық Азия да енгізілген.

Порталдың дерегінше, АҚШ Қорғаныс министрлігі Орталық Азияны зайырлы мұсылмандар дiни экстремизмдерге қарсы қойылған, дамушы аймақ ретінде қарастырады. Орталық Азия Ресей және Қытайға тең дәрежедегі күштерді iздеуде және үлкен энергетикалық әлеуетке ие.