Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Пентагонды әйел басқаруы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық БАҚ деректері бойынша Дональд Трамп АҚШ қорғаныс ведомствосының басшысы лауазымына кандидатуралардың бірі ретінде сенатор Келли Айоттені қарастыруда.

Пентагонды әйел басқаруы мүмкін

Тағайындалған жағдайда ол Пентагонды басқарған алғашқы әйел болмақ.  

Washington Post басылымы былай деп жазады: "Трамп командасы қорғаныс министрінің лауазымына әлеуетті кандидаттар  тізіміне  сенатор Келли Айоттені қосқан." Тағайындалған жағдайда ол жаңа әкімшілік құрамындағы аз ғана әйелдердің бірі болады, деп хабарлайды РИА Новости.