Pepsi мен Coca-Cola сусын шығаруда қауіпті стабилизаторды қолдануды тоқтатады

АСТАНА. ҚазАқпарат - PepsiCo компаниясы өзінің басты бәсекелесі Coca-Cola-ның ізімен денсаулыққа қауіпті тағамдық Е443 стабилизаторын сусындарды дайындауда қолданудан бас тартады.

Pepsi мен Coca-Cola сусын шығаруда қауіпті стабилизаторды қолдануды тоқтатады

Бұл туралы олардың өкілдері хабарлады. Осыған дейін аталған ингредиентті қолдануды тоқтатынын Coca-Cola корпорациясы мәлімдеген болатын, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Стабилизаторға тыйым салуға байланысты қоғамдық шара АҚШ-та 2012 жылы басталған. Осы ингредиентті пайдалануға қарсылық білдіргендер Азық-түлік пен дәрі-дәрмектердің сапасы бойынша басқарманың 1970 жылы оны тек уақытша пайдалануға болатын тізімге енгізгенін алға тартып отыр. Олардың айтуына қарағанда, осы заттың қауіпсіздігіне байланысты зерттеулер сол қалпы жүргізілген жоқ.

Е443 стабилизаторын пайдалануға Жапония мен ЕО елдерінде тыйым салынған.

Pepsi компаниясы стабилизаторды пайдалануды қашан тоқтататынын әлі нақтылаған жоқ.