«Перекресток» телесериалының жаңа нұсқасы шығады

Министрдің хабарлауынша, 90-жылдары қазақстандық көрерменнің көзайымына айналған «Перекресток» телесериалы ағылшындардың бастамасымен түсірілген болатын. Сол кезде аталған жоба ТМД елдері бойынша ең үздік телехикая деп танылды. «Өкінішке қарай, біз сонымен сәтті бастап, кейінгі уақытта көш соңында қалдық. Сол сериалға түскен Бикен Римова, Қасым Жәкібаев, Сағи Әшімов сияқты көптеген танымал әртістер арамызда жоқ болса да, олардың тамаша образдары қалды», - дейді М.Құл-Мұхаммед. Министр атап көрсеткендей, бүгінде «Перекрестоктың» режиссері Ермек Шынарбаев сериалдың жаңа нұсқасын түсіруге келісті. Оның шартты атауы «Астанадағы жол қиылысы» («Перекресток Астаны») болмақ. Келесі жылдан бастап телехикаяны түсіру жұмысы басталады. Ал жылдың ортасында ол көрерменге жол тартпақ.