Пермьде салынып жатқан үйге кран құлады

АСТАНА. 17 желтоқсан. ҚазАқпарат - Перьмде жаңадан салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйге кран құлады. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы өңір бойынша РФ МТЖ ММ-нің қызметкері хабарлады.

Пермьде салынып жатқан үйге кран құлады

«Кранның тартатын арқаны үзіліп кетті. Кранның жебесі салынып жатқан 18 қабатты үйдің төбесіне құлады. Ешкім зардап шеккен жоқ», - деді құтқару қызметінің қызметкері. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс істеуде, оқиғаның анық-қанығы анықталуда.