Пермьде тұрғын үйдің кіреберісі опырылып, 3 адам жапа шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Пермь қаласында бес қабатты тұрғын үйдің бұрыштағы кіреберісі опырылып, 3 адам зардап шекті, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.

Пермьде тұрғын үйдің кіреберісі опырылып, 3 адам жапа шекті

ТЖМ өңірлік басқармасының деректеріне сүйенсек, оқиға сенбіге қараған түнде болған. Ведомство болған оқиға жайлы егжей-тегжейлі мәлімет бермеді, тек оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқандығы хабарланды.

Бұл ретте жергілікті БАҚ барлық кіреберістегі ішкі, сыртқы жамылғылар қирағанын растады. Бұған себеп газдың жарылуы болуы мүмкін, куәгерлердің айтуынша, оқиға орын алмас бұрын үйдің бұрыш жағынан қатты дыбыс естігендерін айтқан.

Қазір үйден адамдар қауіпсіз жерге көшірілуде.