Пермьдегі өрт кезінде зардап шеккен тағы бір адам көз жұмды
АСТАНА. Желтоқсанның 8-і. ҚазАқпарат - Пермьдегі «Ақсақ ат» клубында шыққан өрт кезінде зардап шеккен тағы бір адам көз жұмды.
Бұл жөнінде Пермь өлкесі бойынша ТЖМ басқармасы баспасөз қызметінің өкілі мәлім етті. Осылайша, құрбандардың саны 118 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.