Пермьдегі өрттің салдарынан жетім қалған балаларды асырап алғысы келетіндер көбеюде

АСТАНА.  Желтоқсанның  10-ы.  ҚазАқпарат -   Пермь қаласының    отбасы және балалар  істері  жөніндегі басқармасына  түнгі клубтағы   өрттің салдарынан  жетім  қалған  балаларды асырап  алуға  ниетті 70-ке  жуық  адам    өтініш   білдіріп  отыр.

Пермьдегі  өрттің салдарынан   жетім  қалған  балаларды  асырап  алғысы келетіндер көбеюде

Олардың қатарында Пермь өлкесінің ғана емес, Мәскеу, Санкт-Петербор, Йошкар-Ола, Қазан, Сочи және т.б.  қалалардың   тұрғындары  да бар.

Адамдар   жетім  балаларға материалдық көмек көрсетумен  қатар,  оларды асырап   алғысы  келетіндерін  білдіруде.   Осындай  ұсыныстар  Төтенше жағдайлар  министрлігінің басқармасы мен Пермь  өлкесінің  Адам құқықтары жөніндегі  уәкілінің  аппаратына да түсіп жатыр,  деп хабарлайды  «Маяк» радиосы.