Пермь қаласында бал арасына арналған ең үлкен ескерткіш орнатылмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Пермь қаласында алдағы көктемде бал арасына арнап монетамен әрленген төрт метрлік ескерткіш орнатылады. Бұл туралы бал және бал шаруашылығы өнімдерін шығаратын холдингтен хабарлады, деп жазады ТАСС.
«Қанатын қомдаған бал арасы ескерткішінің биіктігі 2,5 м, тұғыры 1,5 метр болады», - деді холдинг баспасөз қызметінің басшысы Александр Еренко. «Мүсінді жасау үшін 250 келі кеңестік монетаны жинауға тура келді. Монеталарды елдің әр түпкірінен жіберді», - деді ол. Еңбекқор жәндікке ескерткішті пермьдік мүсінші Рустам Исамгилов сомдауда. Бал арасының ескерткіштері Мәскеуде, Жапонияда, Польша, АҚШ-та бар.