Перрон бақылаушылары және қол жүгін тасушылар штаты «Вокзал - сервис» АҚ қарамағына өтті

АСТАНА. 19 мамыр. ҚазАқпарат - «Жүк тасымалы» филиалына қарайтын перрон бақылаушылары және қол жүгін тасушылар штатын «Вокзал - сервис» АҚ қарамағына өткізу туралы шешім қабылданды,

Перрон бақылаушылары және қол жүгін тасушылар штаты «Вокзал - сервис» АҚ қарамағына өтті

деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметі.

Бұл шешім Халыққа қызмет көрсету сапасын арттырып, жүктің салмағын және қол жүгін бақылау жұмысын ұйымдастыруда бiртұтас технологиялық үдерiстi жақсартуды, қызмет көрсету сапасын жоғарылату үшiн және вокзалдарда жолаушылардың талабы бойынша қажетті орнына дейiн қол жүгін жеткiзуiн қамтамасыз ету масатында қабылданды.

2011 жылдың 1 мамырынан бастап 114 адамнан тұратын «Жүк тасымалы» филиалына қарайтын перрон бақылаушылары және қол жүгін тасушылар штаты «Вокзал - сервис» АҚ қарамағына өтті. «Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқармасы 2011 жылдың 29 сәуірінде штаттық кестеге тиісті өзгертулер енгізу туралы шешім қабылдады.

Осы уақытқа дейін вокзалдардағы жүктің салмағы және жолаушылардың қол жүгі сонымен қатар қол жүгін қажетті жерге жеткізіп беру жұмыстары «Жүк тасымалы» филиалының перрон бақылаушылары және қол жүгін тасушылар қызметкерлеріне жүктелген болатын. Темiр жол вокзалдарындағы сервис қызметтерiнің сапасына жалпы бақылау жүргізу жауапкершiлiгі вокзал басшыларына тапсырылған. Алайда, перрон бақылаушылары және қол жүгін тасушылар вокзал басшысының тікелей бағынуында болмағандықтан, вокзал басшысы оларға қатысты функционалды түрде пәрменді шараларды қолдана алмады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығына, мемлекеттік және құқық қорғау органдарына перрон бақылаушылары және қол жүгін тасушыларға қатысты көптеген шағымдар келіп түскен.

«Жүк тасымалы» филиалына қарасты перрон бақылаушылары мен қол жүгін тасушылар штаты «Вокзал-сервис» АҚ қарамағына өткенімен одан қызметкерлердің жалақы мөлшері, әлеуметтік кепілдіктері, кәсіби өтілдері өзгермейді.