Перу ауыр атлетикадан әлем чемпионатын өткізуден бас тартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Перудің Лима қаласы ауыр атлетикадан әлем чемпионатын өткізуден бас тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Перу ауыр атлетикадан әлем чемпионатын өткізуден бас тартты

Ауыр атлетикадан 2018 жылғы әлем чемпионатын Лима қаласы қабылдауы тиіс болатын. Алайда, олар жарысты өткізуден бас тартты. Осыған байланысты Халықаралық ауыр атлетика федерациясы атқарушы кеңесі аталған доданы Түркменстан астанасы Ашхабадта өткізетінін мәлім етті.

ҚР Олимпиадалық комитеті таратқан мәліметке сүйенсек, біріншілік келесі жылдың 24 қарашасы мен 3 желтоқсаны аралығында өтеді деп жоспарланған.