Перу испандық мұнай-газ компаниясын сотқа берді
ЛИМА. ҚазАқпарат – Перу тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі испандық Repsol мұнай компаниясынан мұнайдың төгілуіне байланысты 4,5 млрд доллар төлеуін талап етіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News-ке сілтеме жасап.
15 қаңтарда Ла-Пампилье қаласындағы Repsol мұнай өңдеу зауытында Mare Doricum танкері жүк түсіріп жатқан кезде суасты мұнай құбыры арқылы мұнай ағып кетті. Салдарынан Тынық мұхитына 10 мыңнан астам баррель мұнай ағып кеткен. Экологиялық апат қорғалатын екі аудан – Анкон қорық аймағы және заңмен қорғалатын Гумбольдт пингвиндері мен теңіз құмыралары мекендеген Пескадорес аралдарына зиянын тигізді.
Сотқа арызданушы компаниядан қоршаған ортаға зиян тигізгені үшін 3 млрд доллар және жергілікті тұрғындарға 1,5 млрд доллар өтеуін талап етті.
Repsol жауапкершіліктен бас тартып отыр. Компания бастапқыда мұнайдың төгілуіне Тонгадағы жанартау атқылауынан туындаған кенет толқындар себеп болғанын мәлімдеп, кейін оған мұнай танкеріне кінә тақты.
Фото: bbc.com