Перу полициясы 3 тоннадан астам кокаин тәркіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Перу полициясы салмағы 3,5 тоннадан кем емес кокаинның осы жылғы ең ірі партиясын тәркіледі, деп хабарлады Би-би-си.
None
None

Есірткі заты Бельгия мен Испанияға бағытталған кеменің көмір жүгін салатын жеріне жасырылған.

Кеме елдің солтүстігіндегі Трухильо қаласының айлағында тұр. Арнайы операция барысында полицейлер Перудың екі азаматын және бес мексикандықты құрықтады.

Полицейлерде кокаинді тасымалдауды мексикандық наркокартельдердің бірі басқарды деген күдік туды.

2012 жылы Перу кокаинды шығару бойынша Колумбиядан озып, әлем бойынша көш бастады.

Соңғы жаңалықтар