Перу жағалауларында жер сілкінісі болды
АСТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат - Перу астанасы - Лиманың оңтүстігіне қарай 455 шақырым жерде Тынық мұхитында Рихтер бағаны бойынша 5,1 баллдық жер сілкінісі болды, қаза тапқандар мен қираған ғимараттар туралы ақпарат жоқ, деп хабарлайды АҚШ-тың геологиялық қызметіне сілтеме жасай отырып, Утро.ру агенттігі.
Жерасты дүмпулері сәрсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 22:38-де Пукио қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 140 шақырым жерде, 23,4 шақырым тереңдікте тіркелген.