Перуашев фракция депутаттарының санын арттыруды ұсынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев фракция депутаттарының санын арттыру қажеттігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мен қоспартиялық жүйені қолдаймын. Меніңше, әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысында көппартиялы емес, яғни Америка, Ұлыбританиядағы секілді екіпартиялы жүйе оңтайлы болмақ»,-деді Перуашев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттікті қайта бөлу мәселесіне қатысты айтқан пікірінде.
Осы орайда депутат қазіргі фракцияларда өкілдердің санын арттыру қажеттігін жеткізді.
«Менің ойымша, фракция депутаттарының функциясын, құқығын және санын арттыру қажет. Бұл ретте оңтайлы нәтиже болады деп пайымдаймын»,-деді Перуашев.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысты.
Елбасы отырыста мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселесі республика дамуының жүйелі және заңды кезеңі болып табылатынын атап өтті.