Перуде 20 адам қазаға ұшырады

МӘСКЕУ. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат - Перуде екі өзен кемесінің соқтығысуы салдарынан 20 адам қазаға ұшырады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру агенттігіне сілтеме жасап.

 Жергілікті баспасөздің хабарлауынша, апат елдің батысында болған. Екі кеме де суға батып кетті. Қаза болғандардың ішінде балалар да бар. Құрбандар саны туралы ресми мәлімет әзірге түскен жоқ. Куәгерлердің айтуынша, кемелерде адамдар көп болған.

Соңғы жаңалықтар