Перуде 5 мың жыл бұрынғы храм табылды

АСТАНА. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Перуде археологтар шамамен 5 мың жыл бұрынғы ежелгі храмды тапты, деп хабарлады Утро.ру.
None
None

Бұл құрылыс ел астанасы Лимаға таяу жерде болып шықты. Тікбұрышты ғимараттың ортасында құрбандық ошағы болған.

Археологтар храмнан басқа онға тарта әртүрлі ғимараттарды тауып отыр. Ғалымдардың айтуынша, Эль-Параисо деп аталған бұл ежелгі қала - Перудегі ең үлкен археологиялық ашылымдардың бірі.

Соңғы жаңалықтар