Перуде автобус 200 метр биіктіктен құлап, 17 адам қаза тапты, 20-дан астамы зардап шеккен

ГАВАНА. ҚазАқпарат - Перудің оңтүстігіндегі Луканас провинциясында автобус шатқалға құлап, кем дегенде 17 адам қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат Associated Press агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Перуде автобус 200 метр биіктіктен құлап, 17 адам қаза  тапты, 20-дан астамы зардап шеккен

Апат салдарынан 20-дан астам адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алған, олар ауруханаларда.

Тергеудің алдын ала нұсқасы бойынша автобус жүргізушісі рульге ие бола алмай, көлік 200 метр биіктіктен құлаған.