07:18, 23 Шілде 2015 | GMT +5
Перуде цирк ғимаратында граната жарылып, 11 адам жараланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Перу астанасы Лима қаласында циркте граната жарылып, 11 адам жараланды, оның ішінде қойылымға қатысушылар бар, бір клоун ауыр жарақаттан ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.
Полицияның хабарлауынша, жарылысты рэкет-бандылар жасаған болуы мүмкін. Ақша бопсалау - Перуда белең алған қылмыс түрі. Ондайдан әсіресе, құрылыс компаниялары, такси қызметі, жеке мектеп иелері жапа шегеді.
Бас прокуратураның хабарлауынша, биылғы жылдың алғашқы төрт айында ақша бопсалағаны туралы тұрғындардан 1500 арыз келіп түскен.