Перуде екі ірі жол апатынан 27 адам көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Перуде екі ірі жол апаты орын алды. Оқиға салдарынан 27 адам көз жұмып, 40-қа жуық жолаушы түрлі деңгейдегі жарақат алған, деп жазады РИА Новости.

Перуде екі ірі жол апатынан 27 адам көз жұмды

Елдің астанасы Лима қаласының маңында екі жолаушылар автобусы бір-бірімен жарысып, нәтижесінде автобустың бірі жеңіл көлікке барып соғылады да, жол бойындағы ғимаратқа соғылған.

Келесі көлік апаты Кахамарка аймағында орын алды. Ішінде жолаушылары бар жүк көлігі жарға құлап кеткен.