08:39, 25 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Перуде көлік апатының салдарынан 40 адам опат болды
АСТАНА. Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат - Перуде жолаушылар автобусы шыңырауға құлап кетіп, оқиға салдарынан 40 адам қаза тапты, 10-ға жуық адам жарақат алды. Қайғылы оқиға елдің оңтүстігінде, Анд тауындағы жолдардың бірінде орын алған.

Полицияның мәліметтері бойынша, автобуста 50-ден астам адам болған, деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.
Әзірге анықталмаған себептермен машина жолдан шығып кетіп, 200 метр биіктіктен шыңырауға құлаған. Оқиға орнында құтқарушылар мен өрт сөндірушілер бригадалары жұмыс істеуде.