Перуде наразы топ әуежайды басып алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Перуде ұстаздар ереуілдетіп жатыр, деп хабарлайды 24.kz.
Наразылық білдіргендер Хауха қаласындағы әуежайды басып алған. Сөйтіп ұшақтардың ұшып-қону жолағына автокөлікпен шығып, жалақы мен еңбек жағдайының жақсартылуын талап етті.
Шерушілерді тарату үшін полиция көз жасаурататын газ қолданды. Ал ашынған топ алған бетінен қайтпай, әуежай маңына от қойды. Осыған байланысты рейстер кейінге шегерілді. Ал жолаушылар әуежайда түнеуге мәжбүр болған.