Перуде тас атқылаған Убинас жанартауы маңындағы жұрт жаппай көшірілмек

None
None

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Перудегі Убинас ауданының мэрі Исаак Тола бейсенбі күні жанартауға жақын жердегі елді мекендер тұрғындарының жаппай көшірілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Andina агенттігі.

«Бұл жолы Убинас жанартауы үлкен көлемде күл шығарып жатыр, ал кеше қызып тұрған тастар атқылап, тұрғындарды шошытты. Олар бастапқыда-ақ көшкілері келді», - деп келтіреді агенттік мэрдің сөзін.

Эвакуация процесі кезең-кезеңімен жүргізіледі, ал бейсенбі күні жанартауға жақын тұратын алғашқы 500 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды агенттік.

Перу билігі елдің үш департаментінде Убинас жанартауына байланысты төтенше жағдай енгізді. Президент пен министрлер кеңесінің бұйрығына сәйкес, ТЖ Мокегуа, Арекип және Такна департаменттерінде 60 күнге жарияланды.

Соңғы жаңалықтар