Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Перуде тілшінің өртелген мәйіті салынған шабадан табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Перуде жұма күні Лиманың солтүстік аудандарының бірінен табылған шабаданнан жергілікті тілшінің мәйіті табылды. Бұл туралы Vesti.az-ға сілтемемен «Хабар 24» хабарлады.

Перуде тілшінің өртелген мәйіті салынған шабадан табылды

Қаскөй марқұмның денесін бөлшектеп, өртеп жіберген, кейін шабаданға салған.

50 жастағы Хосе Яктайо өткен сенбі жоғалып кеткен екен. Оны кім ұрлағаны және не үшін өлтіргені әзірге белгісіз. Соңғы 12 жыл бойы Яктайо дербес тәуелсіз телекомпанияда продюсер болып қызмет еткен екен.