Перуде үңгірге құлаған зерттеуші 12 күннен кейін құтқарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Перуде құтқарушылар жер асты табиғатын зерттеуші, испаниялық азамат Сесилио Лопес-Терсероны 12 күн дегенде үңгірден аман алып шықты. Ол Амазониядағы Леймембабма үңгірін зерттеу барысында жараланып, онда қалып қойған болатын, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Перуде үңгірге құлаған зерттеуші 12 күннен кейін құтқарылды

Перу БАҚ-тарынан мәлім болғандай, Лопес-Терсеро 18 қыркүйек күні апанда құлап, омыртқасынан ауыр жараланған. Оны 50 адам арқан бойы тізіліп, ақыры зембілмен жер бетіне алып шықты. Алғашқы жедел жәрдемнен кейін зерттеушіні тікұшақпен жақын маңдағы ауруханаға алып кетті.