Перуде жолаушылар автобусы өзенге құлады, 28 адам қаза болды
АСТАНА. 14 сәуір. ҚазАқпарат - Перуде жолаушылар автобусы өзенге құлады, апат салдарынан 28 адам қаза болды, деп жазады РБК Associated Press-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға елдің таулы аймағы Андыда, мемлекеттің астанасы Лимадан солтүстікке қарай 1 шақырым жерде орын алды. 43 жолаушысы бар автобус Хуаманчуко шағын қаласынан Трухильо өңір орталығына бет алған болатын.
Алдын ала болжам бойынша, жол-көлік оқиғасы өңірдегі нөсерлі жаңбырлардың салдарынан болуы мүмкін.