Перудың бірнеше аймағында төтенше жағдай жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі күні Перу билігі Лима департаментінде және басқа да бірқатар аймақтарда төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Перудың бірнеше аймағында төтенше жағдай жарияланды

Елде наразылық шаралары жалғасуда, оған қатысушылар мемлекет басшысы Дина Болуартенің отставкаға кетуін және жаңа сайлау өткізуді талап етуде.

«15 қаңтардан бастап Пуно, Куско, Лима департаменттерінде, Каляьо провинциясында, Апуримак департаментінің Андауайлас провинциясында, Мадре-де-Дьос департаментіне қарасты Тамбопата және Тауаману провинцияларында, Мокегуа департаментіне қарасты Марискаль-Ньето провинциясының Тората ауданында, сондай-ақ ұлттық жол желісінің бөлігі болып табылатын бірнеше магистральда төтенше жағдай енгізілген», - делінген. El Peruano үкіметтік газетінің сайтында жарияланған Жарлық мәтінінде.

2022 жылы 7 желтоқсанда президент Педро Кастильо биліктен кеткеннен кейін Перуде үкіметке қарсы ауқымды наразылық шерулері басталды. Салдарынан жолдар жабылып, әуежайлар мен үкіметтік ғимараттарға шабуыл жасалда. Қақтығыс салдарынан 40-тан астам адам қаза тауып, жүздеген адам жарақат алды.


Фото: AP Photo / Martin Mejia