Перулік азаматтың «таңғажайып тірілуі» - ВВС

АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат - Перуде қызық оқиға орын алды.

Перулік азаматтың «таңғажайып тірілуі» - ВВС

Би-Би-Сидің хабарлауынша, перулік азаматтың отбасы оны өлді деп санап, жерлеуге дайындалып жатқанда ол базарда балық жеп тұрған жерінде табылды.

Даудың басы ер адамның бауырынан басталды. Ол қателесіп, Икитос қаласының ауруханасындағы бөтен адамның мүрдесін өз ағасының денесі деп таниды. «Марқұмның» отбасы жерлеу рәсіміне дайындалып жатқанда ер адамды базарда балық жеп тұрған кезде көріп қалады.

Жергілікті билік өкілдері қазір бөтен адамдар жерлей жаздаған адам кім болғанын анықтауда.