Перулік шамандар жер бетіне бейбітшілік пен береке тілеуде

АСТАНА. 1 қаңтар. ҚазАқпарат - Әр елдің салты ерекше. Перулік шамандар жер бетінде бейбітшілік орнауын тілеп жатыр. Бұл ізгі рәсімді олар әрбір жаңа жылдың алдында жасауды дәстүрге айналдырған, деп жазады 24.kz.
None
None

Сонымен бірге бақсылар келер жылы болатын оқиғаларды болжап, өздерінше бал ашты. Олардың бұл әрекеттері «Атың шықпаса, жер өртенің» кері де болар. Бірақ елден ерекше қылықтары көрген жанның көңілін көтеретіні даусыз. Ең бастысы, олардың ниетінен елі мен жерін сүйген адалдық анық көзге ұрып тұр. Шамандар рәсімдерін Перу мен Чили президенттерін бәле-жаладан аластаудан бастады. Мұндағы ниеттері - Перу мен Чили арасындағы теңіз шекарасының дауы оңынан шешілсін деген тілек. Екі елдің президенттері дау-дамайдан аулақ болсын деп, сумен аластады. Перу мен Чилидің жер дауына қатысты шешімді 27 қаңтарда Гаагадағы Халықаралық сот қабылдайды. Ал АҚШ Президенті Барак Обама бақсылардың басты назарында тұр. Олар 2014 жылы Америкада көші-қон реформасы жүріп, сырттан келетін кірмелерге ақ жол ашылады деп сенеді. Себебі ағылған иммигранттардың дені - перуліктер. Дегенмен, Перу бақсылары барша адамзаттың амандығын, жер бетінде бейбіт өмір орнап, береке даруын тілейді.

Соңғы жаңалықтар