08:00, 10 Қазан 2013 | GMT +5
Первез Мушарраф кепілдікке босатылды
АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Саяси қызметіне қайта оралмақ болған Пәкістанның бұрынғы әскери билеушісі Первез Мушарраф жеті айдан соң кепілдікке босатылды. Мушараффтың қорғаушысының айтуынша, ол тіпті бүгін де елден шығып кете алады.

Биылғы жылдың наурыз айында Пәкістан соты бұрынғы президентті билікті басып алғаны үшін, отанға сатқындық жасағаны үшін және Жоғарғы сот пен сотсыз жазалау бойынша ұйымдарды заңсыз таратқаны үшін бас бостандығынан айырған болатын.
Одан басқа, 2013 жылдың тамыз айында Мушаррафқа елдің бұрынғы премьер-министрі Беназир Бхуттоны өлтірді деген ресми айып тағылды.