Перзентханаларда заң бұзушылық: аналарға берілмеген дәрі қобдишалары қайтарылды
АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласы Нұра ауданының прокуратурасы қадағалау барысында денсаулық сақтау және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласында заң бұзушылықтар анықтады. Бұл туралы прокуратура мәлім етті.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 5-бабының 3) және 4) тармақтарына сәйкес, ана мен баланы қорғау және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.
— Перзентханадан шығарылған кезде 1 150 ана мен нәрестеге арналған «Дәрі-дәрмек қобдишасы» тегін жиынтығы берілмегені анықталды. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша анықталған бұзушылықтар жойылып, дәрі-дәрмек қобдишаларымен барлығы қалтылды. Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, — делінген хабарламада.
Азаматтардың құқықтарын қорғау жұмысы прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.
Бұған дейін Жамбыл облысында перзентханадағы ана өліміне байланысты жоспардан тыс тексеру басталған еді.