Пешавардағы лаңкестік құрбандарының саны 40 адамнан асты
АСТАНА. Қазанның 9-ы ҚазАқпарат - Пәкістанның Пешавар қаласындағы базарда болған лаңкестік құрбандарының саны 40 адамнан асты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.
Аймақтық денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, жарылыстан 41 адам мерт болған. Жарақат алғандардың саны бойынша мұның алдындағы деректер өзгерген жоқ - олар 100 адамнан асқан күйі қалып отыр. Бұған дейін 30 адамның опат болғаны туралы хабарланған болатын.